{metadescription}
Алматы облысында жазық дала отқа оранды
Алматы облысында жазық дала отқа оранды

Алматы облысында жазық дала отқа оранды

Тілсіз жау 40 гектар жерді шарпыған. Абырой болғанда, алапат өрттен зардап шеккен адам жоқ. Ал куәгерлердің айтуынша, сонда мекен ететін жануарлар тірідей жанып кеткен.

Павел Михеев, куәгер:

- Қалың түтінді көріп, көлігімді тоқтаттым. Сосын бейнекамерамды алып шығып, өртті түсіруге кірістім. Байқағаным, жалын лезде күш алды. Тіпті, биіктігі 5 метрге дейін жетті. Талай жер күлге айналды. Талай жануар өртеніп кетті. Кеміргіш, тасбақа, қоян, сарышұнақ сынды жануарлардың жанып жатқанын көрдім. Обал болды.

Өртенген аумақ - Алматы-Бақанас тас жолының бойындағы далалы жер. Аптап ыстықта қураған шөп қаулай жанған. Қатты соққан жел өртті одан сайын үдете түсіпті. Сөйтіп, қызыл жалын үлкен аумаққа таралып кетті. Өрт сөндірушілер жағдай әбден ушыққанда бірақ жетіпті. Тілсіз жаумен арпалысуға 38 маман мен 7 арнайы көлік жұмылдырылған. Құтқарушыларға лаулап жанған отты 7 сағатта әрең ауыздықтады. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.