Елорда күнін тойлау ресми түрде басталды
6-шы шілдеде арқа төсінен бой көтерген шаһарға 21 жыл толмақ. Атаулы күнге орай бүгін мемлекет басшысы ел-жұртты құттықтады.
Автор: Досжан Маратұлы
05.07.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Ел астанасы бүгінде халықаралық жиындар өтетін аса маңызды геосаяси орталыққа айналды. Дүниежүзілік Юнеско ұйымы елордамызды бейбітшілік қаласы деп атады. Ел астанасының қазіргі даму қарқыны айрықша. Бұл ең алдымен Елбасымыздың теңдессіз еңбегі. Дана халқымыздың ынтымақ бірлігінің арқасы. Біз мемлекетіміздің жетістігін еселеп беделін арттыра береміз.
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елорда күнін атап өтудің символы ретінде 111 метрлік биіктікке бас байрақ көтерілді. Кейін президент Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы ретінде әскери оқу орындарын тәмамдаған үздік түлектерге лейтенант шенін табыс етті. Бұл рәсімнің соңы әскери шеруге ұласты. Дегенмен бұрынғыдай емес, бұл жолы ұлан-асыр той болмайды. Себебі әкімдік биыл қала күнін тойлауға бөлінетін қаражатты 3 есе қысқартып тастады. Өткізілетін мәдени спорттық іс шаралар да 300-ден 100-ге дейін кеміген. Әдеттегідей Қазақстан мен Ресей ээстардасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін шоу концерт те жоқ. Ал 6-шы шілде мемлекеттік мереке болғандықтан бұл күні елде демалыс жарияланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!