{metadescription}
Жазғы демалысқа шыққан депутаттар үкіметке ескерту жасап кетті
Жазғы демалысқа шыққан депутаттар үкіметке ескерту жасап кетті

Жазғы демалысқа шыққан депутаттар үкіметке ескерту жасап кетті

Шетел асып, теңізге бармаймыз! Бүгін төртінші сессияның жұмысын қорытындылаған депутаттар асыға күткен жазғы демалысқа кетті. Енді мәжіліс пен сенат қыркүйекке дейін демалады. Бірақ, халық қалаулылары каникул алдында Үкімет мүшелеріне бір қатар ескерту жасап тарқасты.

Негізі осы апта депутаттардың бір бөлігі ауыл-аймақ жұртымен кездесіп, енді бірі тынығып жатуы керек еді. Бірақ, сессияның жұмысы ұзартылып, жазғы демалысқа бір аптаға кешірек шығып жатыр. Сондықтан артық жұмыс істеп қойған халық қалаулылары, тым асығыс.

- Уақытым жоқ.

Бірақ асыға күткен демалысқа кетпес бұрын Мәжіліс пен Сенат депутаттары бірлескен отырыс өткізіп, жұмысты қорытындылады. Сөйтіп, төртінші сессияда халық қалаулылары жүзден астам заң жобасын қарап, 83-ін мақұлдаған. Оның 82-не президент қол қойып, күшіне енді. Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Әсіресе, жиынға шақыртылған премьер-министр Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері сөз естіп тынды. Өйткені, шенеуніктер парламентке шикі заң жобасын алып келуді әдетке айналдырған.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

Мысалы, бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері жөніндегі заң жобасына 472, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі заңға 500-ден аса түзету енгізілді. Өкінішке, орай бұл түзетулер техникалық жағынан емес, тікелей мазмұны жағынан орын алып отыр.

Министрлер мәжілісмендердің жолдаған сауалдарына да жүрдім-бардым қарайды. Мәселен, төртінші шақырылымда қос палата депутаттары Үкіметке 319 сауал жолдаған. Бірақ, оның басым бөлігіне шала жансар жауап келіпті. Осылайша, бір жылдық жұмысты небары жарты сағатта қортындылаған депутаттар, демалысқа шықты. Биыл көбі шетел асып, теңізге бармаймыз деп отыр.

Бақтияр Мәкен, Мәжіліс депутаты:

- Өзіміздің де табиғаты жақсы аймақтар бар ғой. Сондықтан меніңше, елде қалып отбасыммен өңірлерді аралаймын.  

Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:

- Шетелге немесе санаторийге бары 10 күн демалып келгеннен денсаулыққа ешқандай пайдасы жоқ. Өзіңнің туып өскен жеріңе барып энергия алғаннан асқан жақсылық жоқ.

Жалпы, төртінші сессия мемлекеттік баспананы бірінші кезекте көпбалалы аналарға беруді міндеттейтін және қызметкері парамен ұсталса, басшысын да жауапқа тартуды көздейтін заң жобаларының мақұлданумен есте қалмақ.

Енді осындай  заң жобалары талқыға түсетін отырыс залдары уақытша босап қалды. Бірақ, депутаттар демалысқа кетпес бұрын аймақтарды аралап, халықпен кездесулер өткізуі тиіс. Сөйтіп жұрттың мұң-мұқтажын тыңдап, келесі сессияда сол мәселені көтермек. Ал, парламентке халық қалаулылары күзде бірақ оралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.