{metadescription}
Тұмсығымен жерге қадалған ұшақ апатын экипаж мүшелері жасырғысы келген
Тұмсығымен жерге қадалған ұшақ апатын экипаж мүшелері жасырғысы келген

Тұмсығымен жерге қадалған ұшақ апатын экипаж мүшелері жасырғысы келген

Тізгінге көнбеген ұшақтың ұшқалақтығына не себеп болғанына қатысты жаңа дерек шықты. Екінші шілде күні Қызылорда облысында Ан-2 ұшағының тұмсығымен жерге қадалған видеосы желіде таралған еді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мән-жайды түсіндірді. Шаған ауданына қонған ұшақ толық тоқтап, тұраққа бет алғанда желдің екпінінен алға ауып кеткен. Экипаж сын сағатында сыр бермей қозғалтқышты өшіріп үлгерген. Тіптен, ұшақтың еш жері бүлінбеген. Ертесіне әуе техникасы Шымкенттегі базаға аман-есен жетіп қонған. Алдын-ала ақпарат бойынша, «аш бәледен қаш бәле» дегені ме экипаж болған жайға қатысты басшылыққа тіс жармапты.

Қанат Түсіпбеков, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы:

- Экипаж уақытында хабар бермегендіктен Азаматтық авиация комитеті уақытша бұл ұшақтардың жұмысын тоқтатты. Тергеу толық аяқталғаннан кейін қорытынды жарияланады. Соның нәтижесінде осы ұшақ қарасты әуе компаниясы белгіленген нұсқаулықтарды орындауға міндеттеледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде