Халыққа қызмет көрсету орталығында жұрт әлі кезекте тұр
Сергелдеңге салған жаңа жүйе! Еліміздегі көлік жүргізушілердің халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек күтіп жүргеніне 1 апта болды. Өйткені Ішкі Істер министрлігі 1-шілдеден бастап веб-модуль енгізген болатын. Яғни көлік жүргізу куәлігін бұрынғыдай полицейлер бермейді. Бұл міндетті халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары атқарады. Өтініштер онлайн қабылданғанымен, ақпараттық базаның жұмысы өте баяу.
Автор: Салтанат Шырынхан
05.07.2019
Роберт Бабаянц, Алматы қаласының тұрғыны:
- Халыққа қызмет көрсету орталығындағы жаңа компьютерлік бағдарлама бізді әуреге салды. Өйткені көлігіміздің құжатын рәсімдеу үшін таңертеңнен бері кезек күтіп, сабылып жүрміз. Кеше де дәл осылай болған.
Құзырлы министрлік ақпараттық базадағы келеңсіздікті келесі аптаға дейін жоямыз деп отыр. Ал бүгінге дейін кезектің сейілмеуі алғашқы күндердің салдары дейді жауаптылар. Себебі, жаңа компьютерлік бағдарлама баяу жұмыс істеп, көлік жүргізушілері ертеңіне қайта келуге мәжбүр болған. Өздері де орталықтағы олқылықтардың орнын толтыру үшін тіпті түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істеп жатқандарын айтады.
Данияр Қырықбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қалалық филиалының директоры:
- Бүгін барлығы дұрыс. Қалыпты жұмыс істеп жатырмыз. Кеше, түнгі сағат 12-ге дейін барлық адамды қабылдадық. Қазіргі таңда 600 адамқабылданды. Бүгін сағат 6-ға дейін бәрін қабылдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!