{metadescription}
Арыстағы апаттан зардап шеккен бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Арыстағы апаттан зардап шеккен бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Арыстағы апаттан зардап шеккен бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Арыстағы апаттан зардап шеккен 7 жасар баланың хәлі ауыр. Жарылыс кезінде басы жараланған жеткіншектің миына қатты зақым келген. Ол қазір Нұр-сұлтан қалалық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр дейді, - министр Біртанов.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Өкінішке орай жағдайы өте қиын. Қажетті медициналық ем көрсетілген. Сол бірінші күні Шымкент қаласында операция жасалды. Одан кейін жағдайы қиын болған соң Нұр-Сұлтан қаласына ең жоғары деңгейдегі балалар ауруғанасына жеткіздік. Бірінші күннен өзімнің бақылауымда. 

Сондай-ақ Арыс қаласынан 17 жастағы жасөспірім де астанаға жеткізілген болатын. Ол да жансақтау бөлімінде жатыр екен. Ал олармен бірге түскен тағы бір арыстық 11 жасар баланың беті бері қарапты. Министрдің сөзінше, жарылыс толқынынан Арыс қаласындағы орталық аурухана бүлінген. Терезелері шағылып, іші-сырты зақымдалыпты. Осыған байланысты ем-дом қабылдап жатқан 82 азамат Тараз, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы емдеу мекемелеріне орналастырылған болатын. Қазіргі таңда олардың 57-cі үйлеріне жіберілсе, 19-ы ауруханаларда ем қабылдауда. Науқастардың арасында дене жарақатын алғандардан бөлек түтінге уланғандар мен өрт кезінде күйіп қалғандары да бар. Ал, Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 ауруханада жатқан жеткіншектің жағдайы тым нашар болғандықтан, Елжан Біртанов жеке өз бақылауына алыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде