Нотр-Дамды қалпына келтіруге 38 миллион еуро жұмсалатын болды
Франциядағы әйгілі Нотр-Дамды қалпына келтіруге 38 миллион еуро жұмсалатын болды. Бір қызығы, алапат өрттен соң әлемнің түкпір-түкпірінен шіркеудің жағдайына жаны ашыған жандар 1 миллиард еуродан астам ақша жинап берген болатын. Алайда, архиепископтар осыншама қаражаттың тек аз ғана бөлігін жаратуды жөн санапты.
Автор: Аруна Ортай
09.07.2019
Сәуір айында тұтанған алапат өрт Париждегі тарихи нысан - Құдай-ана соборының шатыры мен алып сағатын, мұнарасын күл қылған еді. Бұл өрт француздар үшін ұлттық трагедиямен пара-пар болған. Өйткені, 900 жылдай бұрын іргетасы қаланған шіркеуде талай патшаларының ұлықтауы рәсімдері өткен. Оның құрылысына 200 жылдан астам уақыт кетіпті. Мұнда Христиан дініне қатысты құнды дүниелер де сақтаулы болған. Талай қанды соғыстан бір тасы бұзылмай аман келген Нотр-Дамның небәрі 9 сағаттың ішінде жанып кетті. Өртті 400-дей адам жабылып, әрең дегенде сөндірген болатын. Тарихи ғимаратты жөндеуге халық 1 миллиард еуро жинап берген болатын. Алайда, шіркеу қызметшілері оның тең 38 миллионнын ғана жұмсап, қалғанын қорларында сақтауды жөн санады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!