Грузиядан жан рахатын іздейтін қазақстандық туристердің қатары артты
Қара теңіз жағалауындағы осы елдің ұлттық туризм әкімшілігінің мәліметінше, былтыр Грузияға табаны тиген жерлестеріміздің саны 25 пайызға көбейіп, 59 мың адамға жеткен.
Автор: Мақсат Мәлік
09.07.2019
Елімізден ат арытып барғандар көбінесе Тблиси, Батуми, Мцхета және Боржоми қаласының кереметіне тамсанып қайтады екен. Грузия тарапы болашақта Қазақстаннан лек-легімен туристер ағылатына сенімді. Өйткені, биыл алғашқы 5 айдың ішінде сол жаққа аттанған қазақстандықтардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 63 пайызқа артқан. Бұған екіжақты қарым-қатынастың жолға қойылуы да көп септігін тигізді дейді Ұлттық туризм әкімшілігінің өкілдері. Екіншіден Ресей мен Грузия арасындағы кикілжіңге байланысты, осы мемелкеттер арасында әуе байланысы да тоқтап, гүржі елі ресейлік туристерден қағылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!