{metadescription}
Экзотикалық елдерде жұқпалы аурулар өршіп тұр
Экзотикалық елдерде жұқпалы аурулар өршіп тұр

Экзотикалық елдерде жұқпалы аурулар өршіп тұр

Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин жазғы демалысын алыс шет елде өткізгісі келетін отандастарымызға қатаң ескерту жасады. Қатерлі дерт дендеген мемлекеттердің тізімі де белгілі.

Көштің басында Мадагаскар аралы тұр. Бұл елде жыл сайын мыңдаған адам өкпе обасын жұқтырады. Конго Демократиялық мемлекеті де демалушылар үшін қауіпті. Өйткені, бұл аймақта Эбола індеті дендеп кеткен. Жалпы, дәрігерлер туристерге Африка құрлығының батыс аймағынан сақ болуға шақырады. Ал Бразилияға баратындарға міндетті түрде сары ауруға қарсы екпе салғызу қажет. Оңтүстік Америка елдерінде Дэнге қызбасы, Эбола сынды қатерлі жұқпаның салдарынан қайғылы жағдайлар жиі тіркелген. Бас санитар Жандарбек Бекшин жат жерде жүрген жерлестерімізге сақтық шараларына бейжай қарамау керектігін жеткізді. Өйткені, соңғы жылдары тропиктік елдерге демалуға барып, дертпен оралып жатқан отандастарымыз жетерлік.

Жандарбек Бекшин, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Соңғы екі жылда Қазақстанда шетелден келген 9 дэнге қызбасы тіркелді. Төртеуі Тайланд, Сингапур және Үндістаннан келді. Биылғы жылы бес жағдай тырысқақ ауруы әкелінді. Бұл ауру Үндістанна пайда болды. Бір жағдай малярия. Ол да Үндістаннан елімізге алып келген. Оларға тиісті емдеу процесстері жасалды. Өзіміздің азаматтарға таралған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.