{metadescription}
Арыстан келген балаларға қолдау көрсетті
Арыстан келген балаларға қолдау көрсетті

Арыстан келген балаларға қолдау көрсетті

Ұл-қыздардың жазғы демалысының барынша қызықты өтуіне атсалысқандардың бірі «Асыл бала» қоғамдық қоры. Сонымен қатар елордалық жасұландықтар да бұл игі шарадан тыс қалған жоқ.

Динара Сәдуақасова, «Жасұлан» жасөспірімдер мен балалар ұйымының төрайымы:

- Біз бағдарлама дайындап қойдық. Балалармен бірге ән айтып би билейміз. Гитармен кеш ұйымдастырамыз. Жасұландықтар балалармен дос болғысы келеді. Арыстық балалармен араласқысы келеді. Осылайша аз да болса өз үлесімізді қосқымыз келеді.

Арыстан бас қалаға демалуға келген 200 балаға жазғы киім-кешек берілді. Негізінен олар жейде, шалбар мен аяқ-киім. Ұл-қыздардың өлшемі алдын-ала алынған соң киім-кешек пен аяқ киім бәріне шақ келді. Сонымен қатар «Асыл бала» қоғамдық қоры жарылыс зардабын тартқан оқушыларға психологиялық көмек те көрсеткен. Елордалық жасұландықтар да арыстық достарына ерекше құрмет көрсетті. Олар гуманитарлық колледж бен балалар үйіне жайғасқан балаларға түрлі ойындар өткізіп тіпті концерт те қойып берді.

Асылзат Әмірбек, Арыс қаласындағы №1 мектептің оқушысы:

- Лагерьде өте керемет жерлерге апарып жатыр. Түрлі-түрлі парктерге концерттерге апарып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.