{metadescription}
Жол апатынан зардап шеккен екі адам өлім аузында жатыр
Жол апатынан зардап шеккен екі адам өлім аузында жатыр

Жол апатынан зардап шеккен екі адам өлім аузында жатыр

Құлжа тас жолында 3 көліктің қатысуымен жол апаты болды Салдарынан 4 жолаушы түрлі деңгейде жарақаттанған. Лада Гранта көлігінің жүргізушісі жылдамдығын шамадан тыс арттырса керек, қарсы бағытқа шығып кеткен. 

Апат Гүлдала ауылының маңында болған. Toyota Ipsum автокөлігі Алматыға қарай бет алған көрінеді. Жүргізушінің айтуынша, қарсы бағытқа шығып Лада Гранта көлігі келіп ұрған. Қатты соққының салдарынан жүйіткіген жылдамдықпен минивен жол бойындағы үшінші көлік Мазда 626 көлігін қағып өткен. Ладаның қозғалтқышы жұлынып, қарсы бетке ұшып кетіпті. Соққының қатты болғаны сонша көліктердің сау- тамтығы қалмаған. Апат салдарынан жарақаттанған екі науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында ауыр халде жатыр. Ал, тергеуді бастаған полиция көліктердің жаппай соқтығысуына кінәлі жүргізушіні анықтамақ.  

Олжас Ахметов, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі: 

- Екі науқастың да жағдайы өте ауыр. Ес-түссіз күйде. Біріншісі 35 жастағы ер адамды қазір ота жасауға дайындап жатырмыз. Оған ауыр бас ми жарақаты, мидың ауыр түрде шайқалуы диагнозы қойылды. Ал екіншісі 28 жастағы азаматтың жамбас сүйегі сынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде