Алматыда жап-жас жігіт суға секіріп өлді
Мәліметтерге қарағанда, марқұмның мұндай қадамға баруына махаббат машақаты себеп болған.
Автор: Аруна Ортай
09.07.2019
Қайғылы оқиға кеше кешкісін болды. Көпірден секіріп кеткен жігітті жағадағы демалушылардың бірі байқап қалған. Содан дереу құтқарушыларға хабар берген. Бірақ, азамат құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, Сайранға сүңгіп, жоқ болды. Оның денесін сүңгуірлер үш сағаттан соң тапты. Болжам бойынша, шамамен 20-25 жастағы жігіттің сүйіктісімен қосылуына туыстары қарсы болып, ол осындай қадамға барған.
Гаухар Нөкербекова, Алматы қаласы құтқару қызметі баспасөз жетекшісі:
- Жағалаудағы құтқарушы жігітке айқайлап ескерту жасады. Көпірден секірме деп белгі де берді. Бірақ, құтқарушының айтқандарын ол құлағына ілген жоқ. Сайранға шомылуға келетіндер көп. Сондықтан, тұрғындардан абай болуды сұраймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!