{metadescription}
Нұр-Сұлтанда масаның көбеюіне жауын-шашын кінәлі болып шықты
Нұр-Сұлтанда масаның көбеюіне жауын-шашын кінәлі болып шықты

Нұр-Сұлтанда масаның көбеюіне жауын-шашын кінәлі болып шықты

Елордада маса қаптады. Қол-аяғы ісініп, қышынып, жәндікке таланған астаналықтар қала басшылығына шағымданып жатыр. Биылға шыбын-шіркеймен күресуге қала басшылығы 170 миллион теңге бөлсе де сепкен дәрісін бірер күн бұрын жауын суы шайып кетіпті. Ал қоймада сақтаулы тұрған шыбын-шіркейге қарсы 9 тонна улы затты жауыннан кейін енді ғана қайта шашып жатыр.

Қазақстанда Атырау, Қызылорда, Павлодар сынды масамен аты шыққан жерлердің қатарына бас қаламыз да қосылған. Әлеуметтік желіге фото-видеосын салып жатқандар көбейген. Жалпы қала аумағында 141 су тоғаны бар. Оның үстіне балшықты жер көп. Бұл масаның көбеюіне сеп болып тұр. Сулы әрі шалғынды жер саналатын қала ішіндегі саябақтар да масаның сүйікті мекеніне айналған.

Ботаникалық бақ елорда тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі. Мұнда келгендер негізінен кешкі уақыттарда жүгіреді, жаттығу жасайды немесе жәй ғана серуендейді. Бірақ соңғы уақыттары қала тұрғындары дәл осы ботаникалық бақта масаның көбейіп кеткенін айтып жиі шағымданатын болған. Әсіресе соның ішінде масаның аэдес деген түрі шағатын болса, онда адам ағзасы аллергия береді екен.

Барлығы емес, тек ағзасы төзімсіз адамдарда байқалады дейді мамандар. Дегенмен, дәрігерлерге қаралып жатқандар көп. Орташа есеппен күніне 3-4 адам, тіпті 15-20 адамға дейін келіп жатыр екен. Ал жағдай неге осынша ушығып кетті десек, бәріне жауын-шашын кінәлі болып шықты.

Айбарша Дүйсенбайқызы, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:  

- Шілде, маусым айында жауын-шашынның көп болуына байланысты, маса көбейіп кетті. Табиғатта масаны мүлде жойып жіберу мүмкін емес, бірақ саны азаяды.

Ал дәрігерлер жалпы масаларды үш топқа бөледі. Қарапайым масалар, аэдес масалары және малериялық масалар. Біріншісінен қауіп жоқ, екіншісіне адам ағзасы аллергия беруі мүмкін. Біздің елде осы екі түрі бар. Үшіншісі – малериялық масалар бізде жоқ дейді бас санитар.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

Бізде масалардың малерия ауруын тарату жағдайлары соңғы 10 жыл ішінде кездескен жоқ. Өйткені олардың көбею аумақтары саналатын су тоғандарының маңайын әрдайым тазалап, дәрілеп отырамыз. Біздің жіті қадағалауымызда. Сондықтан елордалықтар ондайдан қорықпаса да болады.

Ал жалпы маса шаққанда не істеуге болады? Дәрігерлердің бірнеше жолын ұсынады. Мәселен, шаққан жеріне 10-15 минуттай мұз басуға болады. Одан басқа да жолдары бар.

Ғалия Түсіпбекова, иммунолог, аллерголог дәрігер:

- Ас содасы барлық үйде бар. Бір стақан суға 1,5 қасық соданы салып, ерітеміз. Және шаққан жерге жағып тастауға да  болады. Одан кейін спирт қосылған күллі дәрілік сұйық заттардың құйса қышығанын қойдырады.

Жалпы, адам ағзасы 400 масаның уытын көтере алады екен. Яғни, масаның уы денсаулыққа соншалық ауыр зардап тигізбейді дейді мамандар. Дегенмен, аллерголог маманға қаралу керектігін де ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде