{metadescription}
Эльмира Суханбердиева түрмеден 6 миллион теңге айыппұлмен құтылуы мүмкін
Эльмира Суханбердиева түрмеден 6 миллион теңге айыппұлмен құтылуы мүмкін

Эльмира Суханбердиева түрмеден 6 миллион теңге айыппұлмен құтылуы мүмкін

Сот алдында жауап беріп жатқан Эльмира Суханбердиева түрмеден 6 миллион теңге айыппұлмен құтылуы мүмкін. Бүгін атышулы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сот процесі басталды. Шенеунікпен қоса айыпталушылардың ішінде бұрынғы мектеп директоры да бар. Бір қызығы Суханбердиевадан «пара алды» деген бап алынып тасталған. 

Сот процесін фото-видеоға түсіруге сот тыйым салғандықтан залда камерасыз тек тілшілер ғана отырды. Конвойлар ішке алдымен  білім вице-министрін кіргізді. Эльмира Суханбердиеваның қолында кісен болған жоқ. Тергеу мәліметтеріне қарағана шенеунік екі эпизод бойынша айыпталып жатыр. Екеуінде де қызметтік бабын асыра пайдаланған дейді прокурорлар. Бірінші қылмысы - Елордадағы №3-ші мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваға осы уақытқа дейін қамқорлық көрсетіп келіпті. Яғни, білім ордасының басшысы мемлекеттік мектептің ішінен заңсыз жеке меншік гимназия ашып, ақылы түрде бала оқытып келген. Ал, білім вице-министрі мұндай былыққа көз жұма қарап, заңсыздықпен айналысуға жол берген. Қазір дауға қалған директор Суханбердиевамен бірге айыпталушы орындығында  отыр.

Тағылған екінші айып қызметін асыра пайдалануға қатысты. Яғни, 47 жастағы Суханбердиева министрліктен тендерді ұтып алуға үмітті бизнесмендерді, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың оқушы ұл-қыздарына телефон мен планшеттер сатып алып беруге итермелеген. Кейін  сол гаджеттерді министрліктің атынан балаларға сыйға тартыпты. Алғашында атышулы шенеунікке «пара алды» деген айып тағылғанымен кейін ол алынып тасталыпты.

Айгүл Әміренова, Э. Суханбердиеваның адвокаты:

- «Пара алды» деген баппен басытапқыда келіспедік. Өйткені, дәлелдер жоқ. Сондықтан ол алынып тасталды. Қалған қылмысын мойындайды. Жасағаны дұрыс емес әрине.

Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған Суханбердиева Елордаға дейін жетіп, білім басқармасын басқарды. 2016 жылы Білім және ғылым вице-министрі болды. Бұл ведомствода балабақша, мектеп пен колледждерге жауап берген. Ал осы қызметті атқарып жүріп, декреттік демалысқа шығып, «Болашақ» бағдарламасымен Америкадан білім алып келді. Бірақ, сол кезде оның оқуға түсуіне қатысты жанжал шыққанымен шенеунік ешқандай заңбұзушылық болмағанын айтып ақталған. Енді бұл жолғы қылмыстық істен айыппұлмен құтылатын сияқты. Өйткені, прокурор төрт баласы бар вице-министрге 6 миллион 310 мың теңге айыппұл салуды сұрады. Сот залынан осылай үн-түнсіз шығып кеткен Суханбердиеваға судья ертең үкім кеседі. Бүгін прокурор шатылып жатқан білім вице-министрін бұдан-былай мемлекеттік қызметке жолатпауды және мемлекеттік наградаларынан айыруды да сұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде