{metadescription}
Алматыда әкесіндей адамға атылған жігітке қатысты іс қозғалды
Алматыда әкесіндей адамға атылған жігітке қатысты іс қозғалды

Алматыда әкесіндей адамға атылған жігітке қатысты іс қозғалды

Ұрамын деп ұрынды. Алматыда электросамокаттағы жігіт автобус жүргізушісіне жұдырық жұмсады. Онымен алысып болған соң көліктің астына түсті. Қаланың қақ ортасында болған жанжалды куәгерлер түсіріп желіге жариялаған. Полиция бұзақылық бабы бойынша іс қозғады. Ал, соққы алған жүргізуші өзіне атылған азамат әлі қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтады.

Алматы орталығы. Төле би көшесінің бойы. Алаңсыз өз жолағымен кетіп бара жатқан автобустың алдына самокат түседі. Жүргізуші қысылса да қақтығыспай айналып өтеді. Сақтықты сорақылыққа балағаны ма, жас жігіт автобус аялдамаға жеткенде ішке лап кіріп, тап береді. Оқыранған азаматтың соққысынан аузы қанға боялса да жүргізуші ашуға берілмей, оны полиция келгенше ұстауға тырысып бағады.

- Ережені оқысаңшы. Саған куәлікті қалай беріп жүр өзі?

Автобус жүргізушісі тәртіп бұзушыны телефонына түсіруге тырысқанда, ол сытылып шығып қашуға тырысты. Бірақ, құтыламын деп кенет тұтылды.Көлік қаққаннан зақым алмай, қайта тұрып кеткеніне қарағанда есер жігіттің жаны сірі екен. Ал, 15 жылдан бері жолаушы тасып жүрген Тұрсынәлі Мұсаев беті ісіп, жарақат алғандықтан әзірге жұмысқа шығуға жарамсыз. Өзіне қол жұмсаған азаматтың кешірім сұрамақ түгілі, әлі қорқытып жатқанын айтады. 

Тұрсынәлі Мұсаев, жәбірленуші:

- «Телефонынды бер, сені өлтіремін» деді. Дұрыс емес қой оныкі. Бұрын бізде ондай емес еді. Үлкенді үлкен деп  кішіні кіші деп сыйлаушы едік.

Әкесіндей адамға атылған жігітке қатысты қазір тергеу басталып кетті. Бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жергілікті полиция қызметі қазір видеоларды зерттеп жатыр. Заңға сәйкес міндетті түрде шара қолданылатын болады. Автобус жүргізшісі мен самакаттағы жігітті бетбе бет кездестіретін боламыз. Сонымен қатар, куәлерден жауап алынып шешім қабылданады.

Ереже бойынша велосипед, самокаттарға жолдың оң жақ қапталымен жүруге рұқсат берілген. Бірақ, бұл азаматтардың бетімен кетіп, бассыздыққа баруына себеп емес. Тұрсынәлі Мұсаев көз шығып, бас жарылмағанмен басқаларға сабақ болуы үшін өзін ұрған азаматтың тиісті жазасын алғанын тілейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде