{metadescription}
Алматы облысында тұрғындар тезегін тысқа төгетін ферма өкілімен төбелесе жаздады  
Алматы облысында тұрғындар тезегін тысқа төгетін ферма өкілімен төбелесе жаздады  

Алматы облысында тұрғындар тезегін тысқа төгетін ферма өкілімен төбелесе жаздады  

Жағымсыз иіске тұншыққан ауыл. Алматы облысында тұрғындар сасық иістің кесірінен сыртқа шыға алмай отыр. Кемертоған ауылындағы жұрттың айтуынша, бұған сиыр тезегін тысқа төгетін шаруа қожылығы кінәлі. Тіпті, ферма қызметкерлері малдың өлексесін көрінген жерге тастай салады екен. Енді фермамен іргелес орналасқан тұрғындар ыстықта түрлі індет тарай ма деп қауіптенеді.

Іргедегі шаруа қожалығымен 6 жыл арпалыстық деген Кемертоған тұрғындары үйден шығудан қалыпты. Шарасыз халық төңірек сиыр тезегіне толғандықтан күндіз-түні қолқаны қабатын сасық иіс тарайтынын айтады.     

Мұхамеди Бәйтенов, Кемертоған ауылының тұрғыны:

- Балабақша болады деп қуанып жүрсек, боқхана болды. Осындай жерде қалай өмір сүреміз? Жоғарыдағылар не ойлайды? Адам керек пе, мал керек пе?

Бибі Елдесова, Кемертоған ауылының тұрғыны:

- Не азанда, не кешке есікті аша алмаймыз. Терезені аша алмаймыз. Денсаулыққа зиян ғой.

Амалы құрыған кемертоғандықтар жаппай бет перде киюге көшкен. Ең сорақысы, ауыл жұрты тезек араласқан көлшікке балалары батып кете ме деп қорқады. 

Бұдан өзге, тұрғындар ферма ауласында қысы-жазы сиырдың кесілген басы, сирағы және ішек-қарны шашылып жататынын айтады. Тіпті, кейде өлексені көрінген жерге тастай салады екен. Енді мүңкіген иістен зәрезап болғандар аптап ыстықта түрлі қауіпті індет тарала ма деп үрейленеді.

Жұлдыз Әкімбаева, Кемертоған ауылының тұрғыны:

- Қауіпті инфекция. Ол мал не арурумен өліп жатыр? Мүмкін бурцеллез шығарМысалы, көшеде ит өліп қалса да көміп тастаймыз ғой иіс шықпасын деп.

Талай жылғы текетірестен шаршаған қараша тағы да ферманың есігін қаққан еді. Шыдамы шегіне жеткендер қожалық өкілі төбе көрсеткенде тұра ұмтылды.

- Неге айқаламаймын?

- Ұрасың ба, ұр? Жындысың ба, не? Барып емделіп кел.

Алайда, бар кінәні тұрғындарға аударған ферма тарапы, маңайдағы жұрт заңсыз баспана тұрғызған деп есептейді. Себебі, талап бойынша 300 метр аралықта ешқандай үй болмауы тиіс екен.

Аман Сыдықов, ферма басқарушысы:

- Бұл ферма салынған кезде бұл жерде 300 метрге дейін үй болмаған. Мұны көшіру үшін қаражат керек. Халық заңсыз жер алып алған 6-7 сотықтан. Және заңсыз салып алған.

Ал, жергілікті әкімдіктің пікірінше, 2013 жылы іске қосылған сиыр фермасының жұмысында заңға қайшы әрекет жоқ. Бірақ, жағымсыз иіске тұншыққан халықтың арызын жерде қалдырмаймыз дейді олар.

Абылай Ысқақов, Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары:

-  «Медеу Комерцтің» іргесінде тұратын халықтың атынан өтініш түсті. Сиыр фермасынан жағымсыз иістер шығады деп. Сол бойынша комиссия құрып, тексереміз.

1 жыл бұрын дәл осы ферма ауласында тезек толы шұңқырға 6 жастағы бала батып кеткен болатын. Сондықтан тағы біреудің ажал құшпасына кепілдік жоқ деген тұрғындар шаруа қожалығын түбегейлі көшіруді талап етеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.