«Қазгидрометтің» лауазымды қызметкерлеріне үкім шықты
Алмақтың салмағы бар. «Қазгидрометтің» лауазымды қызметкерлері 10 жылға жаза арқалады. Олар 90 млн теңге пара алғаны үшін айыпталған еді. Бүгін Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сот үкім шығарды.
11.07.2019
Осылайша, «Қазгидрометтің» Қарағанды облысы филиаланың экс басшысы Роман Андрианов пен мемлекеттік кәсіпорынның бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары Нұркен Сұлтанов кінәлі деп танылып, қылмыстық кодекстің 366 бабы бойынша 10 жылға сотталды. Айта кетейік, екі шенеунікті биыл 17 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған болатын. Олар мемлекеттік сатып-алу байқауына қатысатын фирмадан ақша талап еткен.
Ботагөз Баянова, Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы:
- Үкімге сәйкес, олар аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызетті атқару құқығынан айрылды. Бүгінгі күнде үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!