Жол бойындағы әжетханалардың жайы тағы көтерілді
Жол бойындағы әжетханаға жарымай қойдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов республикалық трасса бойында орналасқан дәретханалардың жай-күйін қатты сынға алды.
Автор: Мақсат Мәлік
11.07.2019
Құзырлы министрлікке түрлі суреттерді дәлеле ретінде көрсеткен Бектенов, жолдағы әжетханалар санитарлық-гигеналық талапқа сай келмейді дейді. Ал, олқылықты мойындаған ведомство тарапы ескі жобалар жаңаратынын айтып құтылды. Тіпті, «Қазавтожол»-дың мәліметінше 3 жылдың ішінде республикалық жолдардың қапталында 300-ге жуық жаңа дәретхана салынады. Алайда, жауапты мекеме өкілдері әжетхана мәселесін күйттеп жүргенде күре жолдың сапасын назардан тыс қалдырған секілді. Өйткені, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан көлік жолдарының сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-шы орынға орналасқан. Агенттіктің айтуынша, оған жең ұшынан жалғасқан жемқорлық басты себеп. Мәселен, 3 жарым жыл ішінде жол-құрылыс саласында 100 жемқорлық іс тіркелген. Соның салдарынан «Қазавтожол», «Қазавтодор» және жергілікті билік өкілдерінің жымысқы әрекеті әшкереленген.
Олжас Бектенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
- Көліктерді артық жүкпен өткізеді. Кесірінен талапқа сай салынған жолдың талқаны шығады. Әлдекемі заңсыз ақысын алатын шығар, бірақ соңында біз зардап шегеміз. Шұрық-тесік жаман жолмен жүреміз. Жүйкеміз жұқарып, көлігіміз қирап қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!