{metadescription}
Таразда перзентханадан жаңа туған сәбиді ұрлап бара жатқан келіншектің қылмысы камераға түсіп қалған 
Таразда перзентханадан жаңа туған сәбиді ұрлап бара жатқан келіншектің қылмысы камераға түсіп қалған 

Таразда перзентханадан жаңа туған сәбиді ұрлап бара жатқан келіншектің қылмысы камераға түсіп қалған 

Таразда облыстық перзентханадан сәби ұрланды. Полицейлер қылмыстың ізін суытпай 22 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Облыстық перинаталды орталықта босанған келіншек өзге біреудің жаңадан туған сәбиін сатпақ болған. Ол мекемеден құндақтаулы сәбиді жасырын алып шыққан. Қылмысы бейнебақылау камерасы арқылы әшкере болды.

Тапа-тал түсте сәби ұрланған Жамбыл облысындағы перинаталды орталық осы. 8 шілде күні 30 жастағы келіншек сәбиін мейірбикеге қалдырып, түскі ас ішуге кетеді. Ұры осы сәтті ұтымды пайдаланған. Баланың анасы палатадағы бос кереуетті көріп дабыл қағады.

Сәуле Әлжанова, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының бас акушері:

- Жанымда жатқан әйелдің қал жағдайын сұраймын деп кірген. Медицина қызметкерлері баланы тербетіп тұрған ғой. Тербетіп жүрген кезде телефон шырылдайды. Телефонмен сөйлесіп жатқан сәтін  пайдаланып алып кетіп отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбиді ұрлаған 22 жастағы келіншек маусым айында дәл осы орталықта кесір тілігінің көмегімен қыз баланы дүниеге әкелген. Тиісті ем-домын алған соң 5 шілдеде үйіне жіберілген. Алайда 3 тәуліктен соң медицина қызметкерлері кіретін есіктен баланы сыртқа алып шығып отыр.

Хамит Мырзақасымов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Ішкі бақылау камераларының арқасында күдікті анықталды. Нәресте анасына қайтарылды. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайы жаман емес. Өміріне қауіп жоқ.

Күдікті 3 шілдеде туылған қыз баланы қонақүйде асырап алушыға беру сәтінде қолға түсті. Бір анығы - баланы сатып алмақ болған отбасы Алматыдан.

Жарасқан Ақбердиев, Жамбыл облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

- Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдіктінің кінәсі толық дәлелденсе 10 жыл арқалауы мүмкін. Қазір емізулі сәбиі болғаны үшін бұлтартпау шарасы тағайындалды. 22 жастағы келіншек бұған дейін істі болып, дау медиация арқылы шешіліпті. Осы жайттан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізді. Ісіне салғырт қарағаны үшін перзентхананың 2 бөлім меңгерушісі қатаң сөгіс алса, 4 қызметкер жұмыстан босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.