{metadescription}
Семейдегі Шығыс кентінің тұрғындары наразылық білдірді
Семейдегі Шығыс кентінің тұрғындары наразылық білдірді

Семейдегі Шығыс кентінің тұрғындары наразылық білдірді

Жұрттың ашынуына шіріген су құбырларының ауыстырылмауы түрткі болған. Соның салдарынан қайта-қайта апат болып, жұрттың тіршілік нәрінсіз отыруы жиіледі. Ал, оны жаңартуға жергілікті биліктен ешқандай көмек жоқ деп өкпелі. Атқамінерлер құбыр ларды ауыстыру біздің міндетіміз емес деген уәж айтады.

Шығыс кентіндегі Луговая көшесі шұрық-тесікке айналған. Өйткені су құбырлары тозғандықтан тұрғындарға көшені бір неше рет қопаруға тура келіпті. Ол үшін экскаваторды да өздері жалдаған. Шіріген құбыр тағы жарылса, қайта дәнекерлеуге жарамайтынын айтады.

Құсайын Кеңесбаев, Семей қаласының тұрғыны:

- 40 градус аязда жарылды. Екі трактор келіп қазды. Бірақ, толық емес. Қалғанын өзім түсіп қолмен қаздым. Екінші рет тағы жарылды. Қазып тағы ақша алды. Мен зейнетақы 60 мың ғана аламын. Сонда мен тамақ жемеймін бе?

Тұрғындар құбыр жарылғанда ғана, өздерінің ешқандай мекеменің құзырына кірмейтіндерін білген. Алайда, тұтынған тіршілік нәріне бір жылға 16 мың теңгеден төлеп келдік дегенді айтады. Ақысын төлеп отырған соң жөндеуді талап етіп хат жазған тұрғындар, шенеуніктер жөнді жауап та бермеді деп өкпелі.

Рахметолла Рақышев, Семей қаласың тұрғыны:

- Семей қаласының әкіміне хат жолдадым. Ушаков деген орынбасарына ысыра салған. Ол да қарамай Өтелбаев деген бастыққа берген. Ол өзінің көмекшісіне берген.

Ал, коммуналдық қызмет тозығы жеткен су желісін тұрғындар өз күшімен жаңартсын дейді. Яғни, 20 жыл бұрын 400 метр су құбырын жұрт өз қаржысына тартқызған. Сол себепті тозған құбыр жүйесін қайта жаңартуға да жұрт міндетті дейді.

Толғанай Смағұлова, Семей қаласының ТКШ және тұрғын үй  инспекциясы көркейту секторының бас маманы:

- Бұл құбырлар жеке тұрғындардың құбыры болып саналады. Сондықтан оның барлық техникалық жағдайын және қандайда бір ақау шыққан болса олар оны өздері жөндеуге міндетті.

Коммуналдық қызмет өкілдерінің сөзінше, құбыр желісін мемлекеттік меншікке алу үшін иесіз мүлік ретінде тану қажет екен. Ал, бұл ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан оны, дереу арада жұрттың өзі жаңалағаны дұрыс деп отыр. Бұлай болмаған жағдайда, тұрғындар ауыз суға жарымай қалуы мүмкін. Бірақ, оған қажетті қаржыны үй иелерінің жинар шамасы жоқ. Сол себепті олардың биыл да құбыр апаттарымен арпалысар түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.