{metadescription}
Алматыда 30-дан астам үйдің тұрмыстық техникасы тоқ кернеуінің кесірінен күйіп кеткен
Алматыда 30-дан астам үйдің тұрмыстық техникасы тоқ кернеуінің кесірінен күйіп кеткен

Алматыда 30-дан астам үйдің тұрмыстық техникасы тоқ кернеуінің кесірінен күйіп кеткен

Баспаналарындағы қуат көзіне қосылған заттарының барлығынан бір мезетте айырылған тұрғындар, бұған кімнің жауап беретінін білмей дал. Тіпті, көбісі кәдеге жарамай қалған техниканың несиесі әлі толықтай өтелмегенін айтып қапалануда.

Алатау ауданына қарасты Мәдениет ауылының тұрғындары екі күннен бері беймаза күйде. Үйлеріндегі теледидардан бастап, шыбын-шіркейден қорғайтын фумигаторға дейін күйіп кеткен. Аптап ыстықта астарын сақтайтын тоңазытқыштың жарамай қалғаны қиын болды. Себебі, ішіндегі азық-түлік иістеніп, бұзыла бастаған. Енді оны қоқысқа тастаудан басқа амалымыз жоқ дейді.

Майя Жүсіпова, Мәдениет ауылының тұрғыны:

- Менің тоңазытқышым үлкен. Оның ішінде тамақтар ендігі бұзылып барады. Үйімізде кішкентай балалар болғандықтан, уланып қалмас үшін барлығын тастауға тура келеді. Мұны жөндеуге қарағанда жаңасын сатып алған дұрысырақ. Себебі, соңғы үлгідегі болғандықтан, бөлшектерін табу оңай емес.

Тоқтың өшіп-жануынан жапа шеккендердің бірі Ұлжан Әбиева. Зейнеткер осы жылдың қаңтар айында ғана тоқ кернеуінің кесірінен үйіндегі жылыту пешін ауыстырған екен. Құны үш жүз мыңнан асатын техниканың несиесі әлі толық төленіп бітпеген. Енді үйіндегі электротехниканың барлығы күйіп, миллионға жуық шығынға батып отыр. Жер үй салып жайлы өмір сүруді қалаған зейнеткер, енді шығынды кімнен өндірерін білмей отыр. 

Ұлжан Әбиева, Мәдениет ауылының тұрғыны:

- Есептеп қарап тұрмыз ғой. Шығын миллионнан аспаса, кем болмайды. Телевизор, тоңазытқыш, газ пеші бәрі несиеге алынған ғой.

Тұрғындардың айтуынша, техниканың күйіп кетуіне электр сымдарының тұйықталуы себеп. Таңға таяу жел тұрып, бұталар электр желілеріне тиген көрінеді. Бұл тоқ кернеуінің өзгеруіне себеп болған.

Шулаған халық шағымдарын кімге барып айтарын білмей дал. Ақшасын беріп жарықты қостырған мамандар, бұған біздің қатысымыз жоқ деп жекіп тастапты. Алайда, келтірілген шығын азғантай сомма болмағандықтан жұртшылық әкімдіктегілерге барып, жауаптылардың өтеуін төлеуін талап етеміз дейді. Ал, атқамінерлер тек дүйсенбі күні тексеріске шығып, шығын көлемін есептейміз деп отыр.

Ертіс Бесіров, Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:

- Дүйсенбі күні барып қай жерден тұйықталу болғанын анықтаймыз. Ары қарай кім жауапты болады қандай жолмен қалпына келтіріледі бәрін тексереміз.

Жарықтың өшіп-жануы мұнда қалыпты құбылыс дейді тұрғындар. Тіпті екі күнге дейін электр қуатынсыз отырған кездері болыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде