{metadescription}
0:000:00
Ақмола облысында жайылымды жеке компаниялар иеленіп алған

Ақмола облысында жайылымды жеке компаниялар иеленіп алған

Жайылымға зар ауыл! Ақмола облысындағы Қима ауылының тұрғындары мал бағатын жердің жоқтығына наразылық білдірді. Тұрғындар сөзінше, ауыл маңындағы жайылымды егіншілікпен айналысатын жеке компаниялар иеленіп алған. Малмен жан бағып отырған 2600 тұрғын, төрт түлігін қайда бағарын білмей дал. Қималықтар бұған дейін Жақсы ауданы басшыларына да талай шағымданған. Алайда, олар кәсіпкерлер ісіне араласа алмайтындарын айтады.

Қима ауылы маңындағы жайылымға соқа тигенде жұрт шу ете қалған. Өйткені, бұл жерлер – ежелден мал өрісі. Соның өзінде серіктестік 1 мың гектарға жуық жерді жыртып тастаған. Жеке малы үшін көпжылдық шөп екпеші екен.

Содан бері тұрғындар шаруашылық басшыларын да, келген әкім қараларды да жағасынан алуға әзір. Қазір де қызыл кеңірдек болып, малы үшін жанын беруге дайын тұр. Қима ауылынан ұсақ малды айтпағанда 850 бас жылқы, 2500 ірі қара өріске шығады екен. Бірақ, жан жақтан қысып бара жатқан жеке шаруашылықтар халықты ұмытты дейді ашынған жұрт.

Жұматай Әлімқұлов, Қима ауылының тұрғыны:

- Елдің маңайы 10 шақырым, 15 шақырым жыртылмайтын. Шынын айтқанда, елмен санаспай тұр. Әкімдер де ойлап тұрған жоқ.

Қима ауылында ірілі-ұсақты бірнеше серіктестік ауыл маңындағы жерлерде шаруашылығын дамыта түсуде. Тіпті биыл Есіл өзенінің жағасына дейін егін сеуіп тастаған. Химиялық өңдеуден өзенге зиянды заттардың ұшатынын ескеріп жатқан ешкім жоқ, - дейді тұрғындар. Тіпті, балалар шомылатын жағажайдан кәсіпкер химиялық зат таситын алып бөшкелермен су алғанын көргенде тұрғындар одан сайын ашуға мінді.

Бахтияр Хасенов, Жақсы ауданы әкімінің міндетін атқарушы:

- Иә, тұрғындар ашулы. Бірақ бұл жерлердің барлығын олар 2000 жылдары алып алған. Онда мен болған жоқпын. Ал мына жерді жыртқандар мұнда егін сеппейді. Шөп егеді. 4 мың гектарды қалдырды. Жұмысты тоқтатты. Шаруашылықтарға да даму керек қой. Асыл тұқымды мал өсіріп жатыр олар.

Ал жергілікті жұрттың малы болса, ауылды айналшықтап, жайылым таппай жүр. Шаруа қожалықтарының қалдырған бос жері тастақ, әрі ауылдан тым алшақ жерде екен. Сондықтан қималықт ар, бұл айғаймен тоқтамаймыз, жоғарыға шағымданамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде