{metadescription}
Учаскелік инспекторлар Ішкі Істер министріне мұңдарын шақты
Учаскелік инспекторлар Ішкі Істер министріне мұңдарын шақты

Учаскелік инспекторлар Ішкі Істер министріне мұңдарын шақты

Тұрмыстық ахуалымыз нашар! Бүгін еліміздің учаскелік инспекторлары Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа мұңдарын шақты. Шалғай ауылдарға баратын тәртіп сақшылары жұмыс істеуге ешқандай жағдай жасалмағанын айтады.

Учаскелік полицейлердің республикалық жиынында Ерлан Тұрғымбаев инспектордардың шағымдарын тыңдап, биылғы шілдеден бастап, оларға баспана бойынша өтемақы төленетіндігін жеткізді. Ал 2020 жылды учаскелік полиция инспекторларының жылы деп атауды ұсынбақшы. Өйткені, қоғамдық тәртіпті сақтауда олардың орны айрықша. Алайда, бас полицей инспекторлардың жұмысы көңіл көншітпейтінін жеткізді. Полицейлерді көрсеткіш қуаламай, нақты іске көшуге шақырды. Министрдің айтуынша, ашылған қылмыс саны полиция қызметінің көрсеткіші емес. Сондай-ақ, жиында полиция инспекторларына арналған электрондық база құру мәселесі де көтерілді. Мамандар бірыңғай жүйе тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан құтқарады деген пікірде. Айта кету керек, Қазақстанда 6500-ге жуық учаскелік инспектор бар. Олардың көмегімен жыл сайын 40 мыңнан аса қылмыстың беті ашылады.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі Істер министрі:

- КСК басшылары бізге көп арыз жазады. Учаскелік инспекторларды көрмейміз, телефондарын білмейміз дейді. Телефон соқса ол өшіріліп тұрады екен. Сондай арыздар бар. Сондықтан олармен бірге жұмыс істеңдер. Әнәукүні департамент бастықтарына айттым.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде