{metadescription}
Елімізде күн сайын 10 адам суға кетеді
Елімізде күн сайын 10 адам суға кетеді

Елімізде күн сайын 10 адам суға кетеді

Адам шошырлық статистиканы бүгін төтенше жағдайлар комитеті жариялады. Осы уақытқа дейін суға батып өлгендердің саны 126-ға жеткен. Оның тең жартысы балалар.

Владимир Беккер, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Су жағасында балаларды қараусыз қалдырады. Бұның соңы өкінішке орай қайғылы аяқталып жатыр. Синоптиктердің мәліметінше, температура +40 градусқа дейін жетеді. Әрине, бұл адамдарды суға шомылуға мәжбүрлейді. Десек те сақтық шараларын ұмытпаған жөн.  

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, батып кеткендердің саны Шығыс Қазақстанда көп. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында да қайғылы оқиға жиі болады. Десек те құтқарушылардың айтуынша, ішімдік ішіп ажалын судан табатындар күрт азайған. Себебі полицейлер қазір арақ-шарап ішкендерге 12 жарым мың теңге айыппұл салады. Әкімшілік жазаға тартудың арқасында ішіп алып шомылатындар кеміген. Сәйкесінше қаралы статистика да төмендеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде