Алматы облысында саяхатшылар толы автобус аударылды
Алакөлге бара жатып, апатқа ұшырады! Алматы облысында 47 жолаушысы бар автобус аударылды. Содан 17 адам зардап шеккен. Жолаушылар көлігі Алакөлге туристерді апара жатқан екен.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.07.2019
Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға таңғы сағат 6-да Қабанбай ауылының тұсында болған. Үш адам медициналық көмекті қажет етіпті. Олар Сарқан қаласының ауруханасына жеткізілді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Автобус Алакөл ауданындағы Көктұма ауылына бара жатқан. Полицейлердің мәліметінше, жолаушылар сапарларын ары қарай жалғастырған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
07 ақпан
Серіктестер жаңалықтары