{metadescription}
Ірі банктердің бәрін тексермек
Ірі банктердің бәрін тексермек

Ірі банктердің бәрін тексермек

Екінші деңгейлі банктердің активтері тексеріледі. Ұлттық банк тамыз айынан бастап осыған кіріспек. Онда еліміздің ең беделді деген банктерін тексеріледі. Сол арқылы олардың қаржылық әлеуеті ашып көрсетілуі тиіс. 

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

- Банктер жүйесінде банктер активтері сапасын кешенді тәуелсіз бағалау жүргізіледі. Тексеру банк жүйесі активтерінің шамамен 87 пайызын құрайтын 14 банк енгізілді. Ағымдағы жылғы шілденің соңына дейін халықаралық консультант – компания «Оливер уайвенмен» бірге Еуропа орталық банкінің әдіснамасын бейімдеу жұмысы аяқталады.

Бұл 14 банктің қатарында жүз пайыз қазақстандық банктермен бірге шетелдік үлесі бар қаржылық ұйымдар да бар. Алдымен Еуропа орталық банкінің тәсілі шілденің аяғына дейін енгізіледі. Сосын сол әдіспен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің активтерін бағалауға кіріседі. Бұл жұмысты қарашаның соңы не желтоқсан айының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бағалау қорытындысы бойынша Ұлттық банк Үкіметпен бірге алдағы 2-3 жылда қаржылық ұйымдарға қандай шара қолданатынын шешеді. Мұның барлығы еліміздің банк жүйесіне сенімділікті арттырып, инвесторларды тартуға септігін тигізеді дейді Досаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде