{metadescription}
0:000:00
«Атакент» көрме орталығы қайта түрленбек

«Атакент» көрме орталығы қайта түрленбек

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығының 20 000 шаршы метрін алып жатқан павильондар қайта жөндеуден өткізілмек. Түрлі шаралар өтетін нысан іші халықаралық модернизацияланған инженерлік жүйемен жабдықталса, сыртына отандық перфорацияланған қаптамалар көрік беретін болады. Сонымен қатар, орталықтың жаңа басшысы демалушыларға қолайлы болу үшін саябақтардың да сәнді болуына баса назар аударып отыр.

Көпшілік арасында көрме орталығы ретінде танымал болған «Атакентте» түрлендіру жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 400-ге жуық ағаш пен 2000-ға жуық гүлдің түрін егіп, 4000 шаршы метр жерге газон шөбін төсеу қарастырылған. Себебі, ұзақ жылдан бері жайқалып тұрған ағаштарға соңғы уақытта су жетіспеуде. «Атакенттің» президенті болып жаңадан тағайындалған Мәдина Мақыпова қазір оны шешу үшін түрлі жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын алға тартты.

Мәдина Мақыпова, «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығының президенті:

- Қазіргі таңда біз судың не себепті толық мөлшерде келмей жатқандығын зерттеу үстіндеміз. Себебі, мұнда өсімдіктердің барлығын уақытында суару үшін тіршілік нәрі өте қажет. Бізге су арық арқылы келгендіктен, оның қай жерден жарылғандығын қазір тексеруге алдық.

Сондай-ақ, демалушылар үшін арнайы велосипед жолы, ит серуендетуге арналған орын ашу да қарастырылған. Бұдан бөлек, орталықты жарықтандыру үшін тағы да 600-ге жуық шамдар орнату көзделген. 30 жылдан астам өмірін осы орталыққа арнаған Нина Шиш, болашақта тағы да гүлдене түсетініне сенімді.

Нина Шиш, «Атакент» Қазақстан іскерлік ынтымақтастық орталығы мұрағатының қызметкері:

- Мұнда әлемнің барлық елдерінен адамдар келіп жатады. Түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Аумағы кең сауда-саттыққа да демалуға да өте ыңғайлы. Сондықтан жаңа өзгерістер қала тұрғындары мен қонақтарына тек қуаныш сыйлайды деп үміттенемін.

Орталық қызметкерлері түрлі сәулет жобалары мен тұрғындардың айтқан ойларына да үлкен мән беруде. Тіпті, болашақта арнайы кәуап дайындап, еркін демалуға арналған орындар ашуды да ойластырып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде