Елордада жүк көлігі екі бірдей көліктік бақылау инспекторын қағып кетті
Қолдарының сіңірі созылған инспекторлар дереу жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Оларды осындай күйге түсірген жүк көлігінің жүргізушісі бақылаушыларды танымай қалдым деп ақталды.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.07.2019
Азат Тәженов, жүргізуші:
- Артынан қараса, наклейкалары көрінбейді. Мен басқа азаматтық машинала деп ойладым. Қысым көрсетеді деп, қорықтым бір жағынан тоқтауға. Ішінде қызметкерлер бар деп ойламадым. Ішінде азаматтық киімдегі адам отырды ғой.
Жүргізушінің танымай қалған адамдары жол полициясы емес, Көлік комитетіне қарасты көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері екен. Инспекторлар жүк көлігін 2-3 рет тоқтатқысы келгенімен, жүргізушісі құлақ аспаған. Амалсыз жол бойында қысып тоқтатады. Алайда инспекторлар көлігінен шыққан бойда жүк көлігі тағы жүріп кеткен. Екі инспектормен бірге, жылжымалы бақылау бекеті көлігінің де артқы бұрышына соғып, зақым келтіріпті. Зардап шеккендер амбулаториялық ем қабылдамақ. Денсаулығына қауіп жоқ екен. Ал асфальт тиеген жүк көлігінің салмағы тиісті мөлшерден 20 тоннаға асып кетіпті. Сол үшін көліктік бақылау инспекциясы оған айыппұл салды. Ал инспекторлардың ескертуіне тоқтамай, оларды қағып кеткені үшін полиция бөлек әкімшілік іс қозғады.
Арман Ертөре, Көлік комитеті ситуациялық орталығы басшысының міндетін атқарушы:
- Зардап шеккен инспекторымыз біреу. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Екіншісінің жарақаты аса ауыр емес. Ол өзін жақсы сезініп отыр. Енді осы жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары