{metadescription}
Арыста 1172 үй қалпына келген
Сонымен қатар, апаттан бүлінген 4504 жеке және көп қабатты тұрғын үйде қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қираған қаланы қайтадан жандандыру үшін 6159 адам жұмылдырылған.
16.07.2019
Сондай-ақ зардап шеккен 17 секторда 197 құрылыс компаниясы мен 250 арнайы техника жұмысқа кіріскен. Ал, құрылыс барысын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев күнделікті бақылауына алған. Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бүлінген нысандардың барлығы 2019 жылдың 1 тамызына дейін қалпына келуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!