1 шілдеден бастап отандық биржа сауда-саттық жасаудың жаңа тәсіліне көшті
Яғни, шетелдік валютамен жасалатын сауда сессиясының уақыты ұзарды. Барлығы сұранысқа сай жүзеге асырылмақ.
Автор: Әсем Қабылбек
16.07.2019
Қазақстан қор биржасы басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің сөзінше, бұл табысты арттырудың тиімді жолы. Өтпелі сауда сессиясы әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Биржаға қатысушылардың сұранысы мен қызығушылығын ескере отырып мамандар осындай шешімге келген. Бұл теңге бағамын анықтауға да тікелей әсер етеді. Қазақстан қор биржасында бес елдің валютасында сауда-саттық жасауға болады.
Алина Алдамберген, Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы:
- Шілдеден бастап кейбір шетелдік валютада сауда жасау уақыты 17:00-ге дейін ұзартылды. Бұрын түскі 15:30-ға дейін болатын. Бұрынғыдай «таңғы», «кешкі сессия» деп бөлмейміз. Сауда жүйесіне үздіксіз қатысу біздің биржаның табысын арттырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!