«Астана» банктің салымшыларына қарызды қайтару тағы жарты жылға ұзарды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осындай шешім шығарды.
Автор: Әсем Қабылбек
16.07.2019
Былтыр екінші деңгейлі банк банкрот деп танылған соң Ұлттық банк лицензиясынан айырғаны белгілі. Осы жылдың 26 қаңтарынан бастап «Астана» банкінің салымшыларына ақшасы кері қайтаруда. Бұл іске агент ретінде Еуразиялық банк бекітілген. Бүгінге дейін 52 мың адамнан өтініш түскен. Төленген өтемақының жалпы сомасы 37 млрд теңгеге жуық. Соңғы айда агент банкке күніне 115-ке дейін өтініш түсіп, төлемдердің бір күндік сомасы 9,6 млн теңгеге жеткен. Депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, қазіргі таңда салымшылар алдындағы міндеттеме 98 пайызға орындалған. Қалған 1,6 пайызы - шоттардағы қалдық. Бұл шамамен 216 мың адамға тиесілі сома. Олар ақшасын алуға асығар емес.
Ақылжан Баймағамбетов, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:
- Ақшасын алуға асықпай отырған кісілердің есепшотындағы сома көлемі аз. Оған берілетін өтемақы да соған сай болмақ. Әйтсе 2020 жылдың 26 қаңтарына дейін шоттағы ақшасын қайтара алады. Егер салымшының уақыты тығыз болса сенімхат арқылы өтініш қалдыруға құқылы. Ақшаны қолма-қол алу немесе есепшотқа аудару салымшының өз еркі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!