{metadescription}
Түркістан облысында жер қожайындары су арнасын бекітіп тіршілік нәрін беруді қойған
Түркістан облысында жер қожайындары су арнасын бекітіп тіршілік нәрін беруді қойған

Түркістан облысында жер қожайындары су арнасын бекітіп тіршілік нәрін беруді қойған

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында жайылым мен ағын су жекеменшікке өтіп кеткен. Тұрғындары мал бағып, жер еміп отырған Ынтымақ ауылының маңындағы телімдердің жаңа қожайындары, су арнасын бекітіп, тіршілік нәрін беруді қойған. Ал жайылым жерлердің бетін қырып, жарамсыз етіп тастады дейді жұрт.

150 жылға жуық тарихы бар Ынтымақ ауылы халқының тіршілік көзі – мал бағып, егін егу. Бірақ соңғы жылдары күн көрудің өзі мұңға айналды дейді жұрт. Себебі, ауыл маңындағы жайылым жерлерге қожайындар пайда болып, қоршап тастауды әдет қылыпты. Қараша болса қарасын жаюдан қалған. Малымыз кірсе таппай қаламыз дейді.

Серік Сұлтанов, Ынтымақ ауылының тұрғыны:

- Халық үндемегеннен кейін бұлар білгенін істеп жатыр. Көріп отырсыздар, анау қоршалған 14 гектар жер Қонысбаев Ермектікі. Ол бұрын жер бөлімінің  бастығы болған жігіт. Өзіне иемденіп алған. Одан кейінгі мақсары егілген 14 гектар жер Бегалиев деген кісінікі. Одан кейінгі жер Ерлан деген жігіттікі. Ол облыстық жер бөлімінің  бастығы болған.

Қазір Ынтымақ маңайындағы жерлердің неше қожайыны бар екенін ешкім білмейді. Сорақысы сол, жерді иемденгендер жайылым жердің бетін қырып, жарамсыз етіп тастапты. Тіпті, ауылды егін сумен қамтып тұрған жалғыз су арнасын бекітіп тастаған. Өтініш айтқан елге қоқаң-лоққы көрсетеді екен.

Хикматулла Сайдназаров, Ынтымақ ауылының тұрғыны:

- Пернебек деген кісі тегістегеннен кейін бірнеше адам бардық. 5-6 метр жер тастауыңыз керек десек: «мен прокурормын, мен су ішсем ішесіңдер, болмаса ішпейсіңдер», қайда барсаң онда бар дейді. Ағам министрлікте, бір ағам «Самұрық-Қазынада» бастық қолыңнан келгенін істе деді.

Шенеуніктерден дөкейлердің құқайына тосқауыл болуды өтініп, одан нәтиже шығара алмаған жұрт аудан әкімдігі алдында жиналды. Әкім шығуын талап еткен жұртты автомат асынған күзетшілер мен әкім орынбасарлары қарсы алды.

- Аудан әкімі шықсын. Өйткені бұл жайылым жерді заңсыз екенін дәлелдегенбіз. Іс қозғайды дейді. Бос сөз. Қара халық шаршады.

Халық қаһарынан қаймыққан соң, аудан басшысы жұртпен ғимарат ішінде кездесуге келіскен. Бірақ көп сауалға жауап бере алмай сасқан әкім  Бақтияр Мамаев жер мен су тұрғындарға қайтарылады деп уәдені үйіп-төкті.

Бақтияр Мамаев, Сайрам ауданының әкімі:

- Енді естідім бұл мәселені. Мекеме басшыларына тапсырма берілді, бақылауға алады. Бір апта көлемінде оны орнына келтіреміз. Бірақ балансқа алғанға дейін мекемеге жүктейміз қосымша. Себебі, ол жерге мемлекеттік акт жоқ. Оған дейін жауып тастаған жерін аштырамыз, каналды қостырамыз. 

Әкімнің айтуынша, жайылым жерлердің барлығы жекеменшікке осыдан он шақты жыл бұрын өтіп кеткен. Оны қайтару ұзақ процесс деген ол сотқа жүгінбек. Ал, әкімнің уәдесіне соңғы мәрте сенеміз деген Ынтымақ жұрты, уәде орындалмаса, ауыл іргесіндегі халықаралық жолды жабамыз деп тарасты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.