{metadescription}
Елімізде көлік жылдамдығы басқаша есептелмек
Елімізде көлік жылдамдығы басқаша есептелмек

Елімізде көлік жылдамдығы басқаша есептелмек

Елімізде енді көлік жылдамдығын белгілі бір аралықты қанша уақытта жүріп өткеніңізге қарап бағалайды. Сол үшін жаңа жүйе енгізілмек. Республикалық күре жолдарда бұдан былай орташа жылдамдық тәртібі қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда жүргізуші еш жерде көлік жылдамдығын асыра алмайды дейді Ішкі істер министрлігіндегілер.

Орташа жылдамдық ережесінің жұмыс тәртібі мынадай. Тас жолдың бойында әрбір жерге арнайы камералар орнатылады. Олар көліктің нөмірі мен маркасын танып алады. Бірінші камера шыққан уақытын белгілейді. Ал келесі камера оның сол жерге қанша уақытта жеткенін есептейді. Егер рұқсат етілген жылдамдықпен жүрсе, онда келесі камераға белгіленген уақытта жетуі керек. Егер сол уақыттан ертерек келіп қойса, онда жылдамдықты асырды деген сөз. Яғни, айыппұл салынады. Жалпы, орташа жылдамдық тәртібін әлем елдері соңғы 3-4 жыл ішінде қолдана бастаған. Қазіргі уақытта көршілес Ресей мен Қытайда тиімді жұмыс істеп тұр. Бізде бұл әзірге ұсыныс қана. Заңға енгізу үшін Парламент қарауына ұсынылмақ.

Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

- Егер де А пунктінен Б пунктіне ол белгіленген уақыттан аз уақытта келетін болса, жүйе автоматты түрде оның жылдамдықты асырып басқарғанын анықтап береді. Яғни, біз осы кезде 592-ші баптың бөліктеріне өзгерістер енгіземіз, яғни, осы орташа жылдамдықты асырғаны үшін де әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.