{metadescription}
Нұр-Cұлтанда интернет шектеледі
Нұр-Cұлтанда интернет шектеледі

Нұр-Cұлтанда интернет шектеледі

Елордалықтар енді апта соңына дейін кейбір әлеуметтік желілерге кіре алмауы мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қала тұрғындарын осыған түсіністікпен қарауға шақырады. 

Өйткені құзырлы орган байланыс операторларымен бірлесіп, техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Министрліктегілердің айтуынша, бұл шара тұрғындарды, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компанияларды ғаламтор алаяқтары мен түрлі киберқауіптен қорғау үшін қажет. Сондай-ақ, хакерлік шабуылдың алдын алу үшін маңызды. Киберқылмыскерлермен күресіп жатқан мамандар қала халқына байланыс құралын міндетті түрде тіркеу керектігін де ескертті.

- Жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда мобильдік құрылғыларыңыздың (ұялы телефон, планшет) тіркелгенін немесе тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуларыңызға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 қаңтар

10 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.