{metadescription}
Аптап ыстықта субұрқақтар жағажайға айналып кетті
Аптап ыстықта субұрқақтар жағажайға айналып кетті

Аптап ыстықта субұрқақтар жағажайға айналып кетті

Апшыны қуырған аптап ыстық. Елімізде шіліңгір шілдедегі қапырықтың беті әлі қайтпай тұр. Амалы таусылған жұрт өзен-көл жағалап кетсе, қалада қамалған кейбірі субұрқақтарды жағажайға айналдырып жіберген. Ал, мамандар жақын күндері оңтүстік аймақта ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Дәрігерлер сырқаты бар жандарға үйден шықпауға кеңес береді.

Жаз шықса адам аяғы үзілмейтін Сайран көлінің маңайы келушілерге әдеттегіден лық толы. Суға түсіп, салқындауды көздеген тұрғындар апшыны қуырған ыстықтан осылай қорғанып әлек. Демалушылардың қатары көбейген сайын жағалаудағы құтқарушылардың жұмысы артқан.

Бауыржан Көпбосынов, құтқарушы:

- Күн ысыған сайын, адамдар көбейіп жатыр. Алысқа бармау, су жағасында көп отырмауды жиі ескертеміз.

Ерболат Сайлаубаев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Мен жұмыстан кейін осы жаққа келуге тырысамын. Шомылуға, салқындап алуға.

Әрине, барлығының қалаған уақытында көлге шомылып, арқаны кеңге салуға мүмкіндігі қат. Ал, қара қарғаның миы қайнайтын ыстықта қапырық қалада жіпсіз байланғандар өз бетінше әрекет етуге көшкен.

Аптап ыстықтан ығыры шыққан тұрғындар қала орталығындағы субұрқақтарды жағалап жүр. Тіпті, адам қарасының көптігі соншалық, бейне бір жағажайға айналып кеткендей әсер қалдырады. Ал, мамандар жақын күндері оңтүстік аймақта ауа температурасы 45 градусқа көтерлетінін айтады.

Шіліңгір шілденің әлегінен жедел жәрдем станциясындағы телефонға тыным жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, аптап ыстық басталғалы бері орталыққа күнделікті түсетін қоңырау шамамен 200-ге артыпты.   

Вадим Восканов, жедел медициналық жәрдем станциясы шұғыл-диспетчерлік бөлімінің аға дәрігері:

- Негізінен кардиологиялық науқастар мен қарт кісілер көмек сұрап қоңырау шалады. Қан қысымы көтеріліп, басы айналады. Сондық бұл адамдар мынадай ыстықта күндіз үйлерінен шықпағаны дұрыс.

Ал, ауа-райын болжаушылар әзірге еліміздің батыс және солтүстік-шығыс аймағында найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын айтады. Бірақ, өзге өңірдегі ыстық сол күйінде сақталмақ.

Жанар Селебаева, «Қазгидромет» РМК өкілі:

Республикамыздың қалған аумағына Иран аумағына жылы ауа массалары ығысуын жалғастыруда. Соған байланысты ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Демек, ыстық күннің беті қайтқанын күткен жұртқа шыдағаннан басқа амал жоқ. Ал, дәрігерлер сақттыққа мән беріп, көбірек су ішіп жүруге кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде