{metadescription}
Ректорлар енді конкурс арқылы тағайындалатын болды
Ректорлар енді конкурс арқылы тағайындалатын болды

Ректорлар енді конкурс арқылы тағайындалатын болды

Ректорлардың іріктеуі әділ өтеді! Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық университеттердің басшылары байқау негізінде тағайындалатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл шешім ректорлар арасындағы бәсекелестікті арттырмақ.

Асхат Аймағамбетов, Білім және Ғылым министрі:

Ұлттық университеттердің ректорлары жаңа талаппен тағайындалатын болады. Жаңа механизм біріншіден конкурс арқылы болады. Екіншіден ол Үкімет қаулысы арқылы болады. Жалпы, бұл бәсекелестікті арттыратын болады. Біз құжаттарды дайындаймыз.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық университет ректорларын Президент жарлығымен тағайындау жүйесі күшін жойғанын мәлімдеп, твиттер парақшасында Білім және Ғылым министріне тапсырма берген еді. Енді мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының басшылары байқауға қатысып, білімі мен білігін ұштастыра алған ректор Үкімет қаулысымен анықталады. Алдағы уақытта құзырлы министрлік бағдарламаны дайындап, конкурстың қалай өтетінін жарияламақ. Оған ректор болуға ниетті адамның білім саласындағы тәжірибесі мен жасы басты негізге алынбақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде