{metadescription}
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен не күтеміз?
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен не күтеміз?

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінен не күтеміз?

Елімізде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Тиісті жарлыққа бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Кеңес билік пен бұқара арасындағы өзара диалог алаңы болмақ.

Мұрат Әбенов, қоғам белсендісі:

- Мәселелер өте көп. Бірақ оны тек әлеуметтік желі интернет арқылы көтеріп жатамыз. Енді осы кеңестің мүмкіншілігін пайдаланып, көп мәселелерді тиімді шешуге атсалысамыз деп ойлаймын.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне депутаттар, саясаттанушылар, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, кәсіпкерлер мен заңгерлер енген. Олар мемлекеттік бағдарламалар мен маңызды стратегиялық құжаттарға қоғамдық сараптама жүргізуге қатысады. Үкімет бастамаларынан кемшілік анықталса өз ұсыныстарын айтып қана қоймай, ел пікірін билікке жеткізеді. Ал Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы тамыз айына жоспарланған.  Кеңес төрағасы – президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі. Ақорда барлық өтініштердің ескерусіз қалмайтынын айтады.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі:

- Ұлттық кеңестің ережесіне қарайтын болсаңыз, сол кеңеске енген азаматтармен қатар бұл кеңестің отырыстарына аймақтарда жергілікті билік органдарының жанына құрылған қоғамдық кеңестің өкілдері де қатысатын болады. Соның арқасында ұлттық кеңесте талқыланатын мәселелерді аймақтардың көзқарасымен де талқылайтын боламыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде