{metadescription}
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баланы 6 жастан мектепке беруге қарсы шықты
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баланы 6 жастан мектепке беруге қарсы шықты

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл баланы 6 жастан мектепке беруге қарсы шықты

Баласын 6 жастан мектепке бермеген ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. Құзырлы ведомоство жыл басында баланы 1 сыныпқа қабылдау 6 жастан бастап жүргізу туралы норма енгізді. Бұл бастамаға еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров қарсы. Омбудсменнің айтуынша, министрліктің бастамасы шикі әрі орынсыз.

Інжудің жасы 7-де. Жеткіншек әліпбидегі бүкіл әріпті жатқа біледі. Әлия Өмірбекқызы 2 баланың анасы. Мамандығы педагог. Қызы екеуі жазғы демалыста меңгергенін пысықтап жүр. Оның пікірінше, 7 жаста баланың зейіні сабақ оқуға толықтай дайын. Сенімділік пайда болғасын, тұлға ретінде қалыптасуы оңай. 7 жаста мектеп табалдырығын аттаған ұлы қазір оқу озаты.

Әлия Өмірбекқызы, ата-ана:

- Мен қызымды 7 жастан беремін. Құдай қаласа осы күзде мектепке барады. 6 жасында дайындық сыныбына бардық. Одан бала ешкімнен кем болмайды деп ойлаймын. Себебі ойын баласы балалық шағын бір жылға болса да ұзартады. Өйткені, ол қайтып келмейтін уақыт.

Елімізде баланы алты жастан мектепке апару жыл басында күшіне енгені белгілі. Ата-аналар заң бойынша міндеттеліп, тіпті орындамағандарға айыппұл да қарастырылған. Білім және ғылым министрлігінің бұл талабына адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров мүлдем қарсы.

Асқар Шәкіров, ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

«...Аталмыш жаңа талапты іс жүзінде жүзеге асыру барысында пайымдауды талап етеді. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес оны орындамау айыппұлдан әкімшілік қамауға дейін жазаға әкеп соғады. Бұл жаңалық көптеген азамат үшін форсмажорлық жағдай болып табылатынын атап өту қажет.»

Баланы 6 жастан мектепке беру туралы талап қоғамда үлкен дау тудырып, ата-ана мен ұстаздардың пікірін екіге жарғаны рас. Бірі мектеп алды даярлықтан өтпеген оқушы бағдарламаға ере алмайды десе, өзгесі бастаманы қолдайды. Еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов баласын 6 жастан бермегендерге айыппұл салмайтынын жеткізді. Жаңартылған оқу мазмұнында сабақ беру әдісі жеңіл дейді.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым министрі:

Менде  баламды мектепке берем дегенде көп ойландым. Бірақ онда таңдау болды ғой. 6 не 7 жастан берем десең өз еркің. Сонда мен 6 жасында бердім. Және 6 жастан бергеніме өкінген жоқпын.

Қазір білім ошақтары мектеп табалдырығын биыл аттайтын оқушылардың құжаттарын қабылдауға кірісті. Басым бөлігі 6 жаста сабаққа бармақ.

Мақсат Хабаров, мектеп директорының міндетін атқарушы:

- 7 жастағы баланы да қабылдап жатырмыз. 6 жасқа толған балаларды да қабылдап жатырмыз. Ешқандай кедергілер жоқ. Ата-анасы өз еркімен 6 жастан да, 7 жастан да баланы бере алады.

Десе де ведомоства бекіткен тиісті норма күшін жоймайды. Яғни, «Білім» туралы заңның 30 бабына сәйкес бала 6 жасында мектеп партасына отыруы тиіс. Себебі, Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне сатылай көшіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.