Алматыда жарылғыш зат пен қару тәркіленді
Полицейлер жүргізген арнайы операциясы барысында өзге өңірлерден келген 4 азамат қолға түсті. Олар суық қаруларды өздерімен алып жүріп, заңсыз сақтап келген.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.07.2019
Нәтижесінде «РГД-5» гранатасы, 4 патроны бар тапанша және пышақ табылды. 32-35 жас аралығындағы азаматтар мегаполисте көлік бөлшектерін саудалаумен айналысқан. Сондай-ақ, тергеу барысында олардың бұрын сотталғандығы анықталды. Қазір тәркіленген қару-жарақтың қайдан келгені, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Полиция қызметкерлері шұғыл мәлімет ала салысымен оларды тексеруге кірісті. Құпия түрде. Олардың қылмыстық әрекеттері дәлелденгеннен кейін міндетті түрде ұстауға бел будық. Қылмыстық кодекстің 287-ші бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда барлық сезіктілер қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!