{metadescription}
Дәрі-дәрмек барлық өңірде бірдей бағада сатылуы тиіс
Дәрі-дәрмек барлық өңірде бірдей бағада сатылуы тиіс

Дәрі-дәрмек барлық өңірде бірдей бағада сатылуы тиіс

Дәрі-дәрмекті барлық өңірде бірдей бағада сату туралы бұйрыққа министр қол қойды. Яғни, бұдан былай үлкен қалалардың дәріханаларындағы дәрінің құны ауылдағымен бірдей болады.

Бұйрыққа бағынбағандарға жаза қатаң. Сырқаттардың есебінен қалтасын қампайтуды ойлағандарға 2 жарым миллионға дейін айыппұл қарастырылған. Егер соның өзінде де бағаны бейберекет өсіретін болса, лицензиядан біржолата қол үзеді. Барлық дәріханаларға бірдей бекітілген бағалар Дәрі.кз қосымшасында көрсетілген. Бірақ, ол 10 күннен кейін іске қосылады. Ал мойынсынбаған дәріханашыларға жұртшылық 1439 желісіне хабарласып, шағымданса болады. Соңғы кездері дәрі құнының тым шарықтап кетуіне байланысты министрлік осындай шара қолдануға мәжбүр болды.

Ержан Жүнісов, Денсаулық сақтау министрлігі комитеті ұлттық орталығы бас директорының орынбасары:

- Шекті баға дегеніміз мысалға дәрінің бағасы 100 теңге болатын болса, оның шекті бағасы 150. Яғни 150-ден кез-келген дәріханаға барсаңыз сол бағадан аспауы қажет. Асатын жағдайда әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде