Діни басқарма жұртты қажылыққа қарыз алмай баруға шақырды
Биыл елімізден Меккеге квотамен 3 мыңнан аса адам аттанбақ. Биылғы қажылық маусымы осы айдың 30-ынан басталады.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.07.2019
Ержан Нөкежанов, Дін істері комитетінің төрағасы:
- 30-шы шілде күні қажылыққа ниеттенген азаматтар Шымкент және Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына іссапар шегеді. Қажылыққа бару үшін міндетті түрде Сауд Арабиясы тарапынан бекітілген вакцинация, яғни екпеден өту керек. Ол Қазақстанның біраз қаласында өткізіледі.
Меккеге аттанғандардың жағдайын қадағалау үшін 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссия құрылған. Онда Дін істері комитетінің өкілдері мен дәрігерлер және журналистер бар. Ал статистикаға қарасақ, биыл қажылыққа бара жатқан қазақстандықтардың жасы 30 бен 50-дің аралығында. Көбі – Түркістан облысының тұрғындары. Сондай-ақ есте ұстайтын жайт, қажылығын өтейтін адамның қарызы болмауы керек.
Наурызбай Өтпенов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары:
- Қажылыққа бару үшін адамдар біреулерден қарыз сұрайды, біреуден көмек сұрайды. Бұны шариғаттың қолдамайтындығын осы жерден білуімізге болады. Яғни, жағдайы келген адамдарға қажылыққа бару парыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!