Ұлттық сенім кеңесі билік пен бұқараның арасындағы байланысты нығайтпақ
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билік пен бұқара арасындағы байланысты нығайту үшін жұмыс жүргізбек. Ондағылар өркениетті түрде мәміле жасау мен еркін диалог алаңына айналып, демократиялық дамуға дайын екенін көрсетпек. Кеңес басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі барлық өтініштердің қараусыз қалмайтынын мәлімдеген болатын.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
18.07.2019
Ұлттық кеңес мүшелері ел үмітін ақтау үшін оны саяси, әлеуметтік және экономикалық деп үш себетке бөлуі мүмкін. Мұның барлығы түрлі бастамалардың дамуына үлкен әсерін тигізбек. Қазіргі таңда бірқатар ұстанымдар да әзірленген. Мұның барлығы болашақта іске асырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің құндылықтары да кеңестің назарынан тыс қалмайды.
Азаматхан Әміртай, қоғам белсендісі:
- Бүгінгі күні мемлекеттік қызметкерлердің алдыға қойған құндылығы мемлекеттік саясатқа сәйкес емес. Осы құндылықпен жұмыс істеуіміз керек. Екіншіден ақпараттық технологияларды соңғы әлемде бар ай-ти технологияларды мемлекеттік қызметке пайдалану керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!