«Қорғастан» бренд маркалы темекі мен қымбат ішік алып өтпек болған
«Қорғас» кеден бекетінде контрабандалық жолмен өткізілмек болған тауарлардың ірі партиясы тәркіленді. Осылайша, оңай олжаға кенелуді көздегендер темекі мен ішік тондарын алып өтуге тырысқан. Ал, заңсыз тауардың жолын кескен кеденшілер қазір оқиғаны жан-жақты тексеріп, оған қатысы бар адамдарды анықтап жатыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
18.07.2019
Ораулы қораптардан 2050 блок темекі шықты. Олардың бәрі Mond, Cavallo, Luck Strike секілді бренд маркалы шылымдар санатына тиесілі. Жалпы салмағы 591 келі. Сонымен қатар, қымбат 39 ішік пен 77 түлкі терісінен жасалған тон және 13 қара күзең тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жалпы кедендік құны 13 млн теңгеден асып жығылады. Қазір тауарлар уақытша сақтау қоймасында тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!