Баянауылда 4 күннен бері өршіген өрттің түтіні әлі өшпей тұр
Ұлттық парктің 47 гектар аумағын жалмаған жалынды ауыздықтауға 100-ден аса адам жұмылдырылып, 20-дан аса техника тартылған. Сондай-ақ, Өскемен мен Көкшетаудан жедел жеткен тікұшақтар әуеден 350 тоннадан астам су шашқан.
Автор: Салтанат Шырынхан
18.07.2019
14 шілдеде Баянауылдағы Ұлттық парк отқа оранған еді. Өрт өшірілсе де, бықсыған түтін басылмай тұр. Жалынның бас алуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Түнгі уақытта 12 қызметкер мен 4 техника ұлттық саябаққа кезекшілік жасауда. Қазір өртке қатысты арнайы штаб құрылған. Түтін толықтай сөнгесін бірақ өрттің шығу себебі анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!