{metadescription}

«Қайрат» қайрат көрсетіп, Еуропа лигасының екінші кезеңіне өтті

Маңызды жеңіс. «Қайрат» футбол клубы өз алаңында босниялық команданы қапы қалдырды. Осылайша, алматылық клуб Еуропа лигасының екінші кезеңіне жолдама алды.

Тартысқа толы өткен кездесуде есепті «Широки Бриег» футбол клубы ашты. Ойынның 89-шы минутында Дражен Багарич 11 метрлік айып добынан мүлт кетпей, босниялықтарды алға шығарды. Көп ұзамай «Қайрат» ойыншысы Рамазан Оразов таразы басын теңестірді. Жанкүйерлердің қызу қолдауымен «Қайрат» аяқ допшылары қонақтардың қақпасынан саңылау табуға барынша тырысты. Нәтижесінде, төреші қосқан қосымша уақытта жартылай қорғаушы Исламбек Қуат ойынның нүктесін қойды. Екі ойынның қорытынды есебі – 4:2. «Қайрат» Еуропа лигасының екінші кезеңінде израильдік «Хапоэль» клубымен бақ сынайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде