{metadescription}
Алматылықтар Денис Тенді еске алды
Алматылықтар Денис Тенді еске алды

Алматылықтар Денис Тенді еске алды

Ер есімі ел есіңде. Осыдан тура бір жыл бұрын еліміз талантты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннен қапыда айырылып қалды. Небәрі 25 жасында ғұмыры қыршыннан қиылған спортшыны еске алуға қала жұрты сол ажал құшқан қаралы жерге жиналды. Байсейітова мен Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы ескерткішіне көпшілік гүл шоқтарын қойды.

Денисті еске алу рәсіміне туыстары мен достары, танымал спортшылар және өнер қайраткерлері келген. Бір жыл біртуар ұлды жоқтаған жүректердегі жараны әлі жаза алмағандай. Болмысы бөлек, спортта дара, өмірде қарапайымдылығымен тәнті еткен Денис Тенді бір жыл бұрын қаскөйлер пышақтап кеткен еді. Санынан жарақат алып, көп қан жоғалтқандықтан, ауруханада ақ халаттылар ажалға араша түсе алмады. Көлік айнасын ұрлаймын деп қазақты айнасынан айырғандар жаза арқалады. Бірақ, Денистің орны әлі үңірейіп бос тұр.

Ислам Байрамуков, Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері:

- Денис Тен тек қана Қазақстан емес, бүкіл әлем танитын белгілі спортшы. Нағыз 100 жылда бір туатын тұлға. Аз ғұмыр кешсе де, үлкен іс атқарды дүниеде. Қазір енді ескерткіш қойылып, Денис Тен атынан бірталай іс-шаралар орындалады деп ойлаймын. Бірақ өз атын алтын әріппен жазып кетті бұл кісі. Біз үшін, бұл деген мәңгілік сақтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.