Ақылы жолдар тағы 11 шақырымға көбейді
Елімізде тағы 11 мың шақырым республикалық тасжол ақылы болады. Жүргізушілер оларға алдағы 2-3 жылда төлей бастайды. Ал оның төлем жолдары электронды түрде жүргізілмек. Қолма-қол төлесе, екі есе артық шығындалады.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.07.2019
Асхат Оқасов, «ҚазАвтоЖол» АҚ ақылы жолдар дирекциясы филиалының директоры:
- Алдағы 2-3 жылда ақылы жолдар аумағын тағы 32 бағытқа арттырғалы отырмыз. Олардың жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құрайды. Оларда шлагбаумдар болмайды. Жүргізушілер алдын ала ақысын электронды жолмен төлейді.
Қазіргі уақытта ақылы жолдар төрт бағытта енгізілген. Олар: Нұр-Сұлтан – Щучье, Нұр-Сұлтан – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас кеден бекеті бағыттары. Бір ай бұрын оларға сараланған тариф енгізілді. Яғни, жүргізуші қолма-қол төлесе, екі есе артық төлейді. Сол үшін алдын-ала электронды төлем жүйесі енгізілген. Ол үшін электрондық төлемнің 20 түрі ұсынылған. Жүргізушілер ақшаны интернет-банкинг арқылы немесе телефон балансы арқылы, болмаса, басқа да интернет-әмияндағы қаражатпен төлей алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!