{metadescription}
Қазақстандықтар отандық көліктерді талап алып жатыр
Қазақстандықтар отандық көліктерді талап алып жатыр

Қазақстандықтар отандық көліктерді талап алып жатыр

Отандық көліктерге сұраныс артты. Соңғы жарты жылда тұрғындармыз 20 мыңнан астам жаңа темір тұлпарды тізгіндеген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40,4 пайызға көп. 

Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоӨндіріс» одағы мәлімдеді. 6 айдың ішінде елімізде жалпы сомасы 144 млрд теңгеге 20 600 көлік сатылған. Яғни, азаматтарымыз алмағайып нарықтың ауанына қарамай несиеге болсын автомобиль алуда алдарына жан салмай жатыр. Мәселен, жеңілдетілген несие беру бағдарламасын екі мыңға жуық отандасымыз пайдаланған. Осылайша, ескі көліктер есіркеп, жаңалары жыл сайын жұртшылықты жарылқауда. Қазақстанда құрастырылған көліктердің ең сұранысқа ие бестігі жарияланды. Лада мен Хюндай көшті бастап тұр. Сонымен қатар, негізінен тұрғындардың таңдауы Киа, Шкода, Шевролет маркалы темір тұлпарларға түскен.

Артур Мискарян, «ҚазАвтоӨндіріс» одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры:

- Қазақстандық автоөндірушілер отандық көлік құрастырудың көлемін күн сайын ұлғайтып жатыр. Бүгінде 60-тан астам әртүрлі моделдегі жеңіл темір тұлпарлар жасап шығарылуда. Нарықты қалпына келуі отандық автомобильдерге сұраныстың артуына тәуелді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірушілер сатылымның жартысын сақтап қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде