{metadescription}
Алматы әкімдігінің жаңа жобасы тұрғындарға жақпай қалды
Алматы әкімдігінің жаңа жобасы тұрғындарға жақпай қалды

Алматы әкімдігінің жаңа жобасы тұрғындарға жақпай қалды

Енді Алматылық тұрғындар бөлінген бюджеттің қайда жұмсалатынына араласа алады. Қажет деп тапқан жобаны дауысқа салу арқылы осылайша әкімдікке ұсыныстарын жеткізеді. Алайда, ғаламтордан хабары жоқ жұртшылық мұның қолайсыз екендігін алға тартуда. Осыған дейінгі атқамінерлердің атқарған жұмысына көңілі толмаған көпшілік бұл да көзбояушылыққа айналмаса болғаны дейді.

Қала билігі халықтың көкейіндегі шешілмеген мәселелердің барлығын жаңаша идеямен жүзеге асыруды көздеп отыр. Әр ауданға орташа 500 млн теңгеден бөлінеді. Оның оңды-солды шашылмай, қажеттілікке жұмсалуына тұрғындар тікелей араласа алмақ. Қордаланған мәселесін арнайы қосымша арқылы әкімдікке жолдап, дауыс берсе тұрғындар қазына қаржысының бөлінуіне ықпал етеді. Алайда, смартфонмен сырласпайтын егде тартқан көпшілік ол қосымшаны пайдалануды білмесек, не қайыр дейді.  

Дмитрий Степанов, Алматы қаласының тұрғыны:

- 500 миллионды қалай жарату керектігі туралы нақты ұсыныс жоқ. Сонымен қатар, біз секілді егде тартқандардың ғаламтордан хабары да аз. Бұрын жасаған жұмыстардың барлығы сапасыз болғандықтан, бұл идеядан да үлкен үміт күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын.

Ал, мамандардың сөзінше, қираған арық, бұзылған жолдар мен ескірген ойын алаңдары енді осы жоба арқылы жаңаратын болады. Тек, бұл үшін халық өте белсенді болуы тиіс. Себебі, тұрғындардың ұсынған әрбір идеясы ұсыныс күйінде қалмай, оның жеңімпаз болуына да ат салысулары керек. Жаңа бастаманың жүзеге асырылатыны енді ғана хабарланса да, қазірдің өзінде жұртшылықтан екі жоба түсіп үлгеріпті. Дамыту орталығының өкілдері енді жыл соңына дейін әртүрлі өтініштерді қабылдайтын боламыз дейді.

Әлия Жақсалықова, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры:

- Дауыс беруге қатысатын жобалардың барлығы ең алдымен көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. Сол секілді 10 дауыстан төмен алған идеялар ары қарай қатыстырылмайды. Ал, мұның барлығын бақылап, дұрыс жүргізілуі үшін арнайы комиссия құрылған. Халықаралық тәжірибиеде көптеп қолданылатындықтан біздің елде де өте тиімді болатындығына сенімдіміз. 

Әзірге бұл идея пилоттық нұсқамен бастау алады. Ал, тұрғындардан келіп түскен сан түрлі ұсыныстар келер жылы жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар жобаның қаншалықты тиімді екендігі анықталып, ары қарай жалғасуы да болашақтың еншісіне қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде