{metadescription}
Алматыда жаңадан салынған асфальт балқып кетті
Алматыда жаңадан салынған асфальт балқып кетті

Алматыда жаңадан салынған асфальт балқып кетті

Шикі істен ши шықты! Алматыда Тимирязев көшесіндегі асфальт балқып жатыр. Ал жергілікті билік қоғамдық көліктерге арналған жолақтың не себепті еріп жатқанын анықтауға кірісті.

Әкімдіктегілер асфальттан сынама алып, зертханада тексеріс жұмыстары басталғанын жеткізді. Сараптама қорытындысынан кейін тиісті шаралар асфальтті салған мекеменің қаражатымен жүзеге аспақ. Алайда, аялдама жанындағы ойдым-ойдым жол қазір ашық тұр. Жолаушы толы автобустар бұл көшемен арлы-берлі жүйіткіп жүр. Айта кетейік, автобустарға арналған БРТ желісі өткен жылы ғана іске қосылған еді. Мақтаулы жолақ Тимирязев көшесінің бойымен Байтұрсынов пен Байзақов көшелерінің аралығында салынған. Тек бір ғана көшенің құрылыс жұмысына жергілікті бюджеттен 4 млрд 200 млн теңге жұмсалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.